Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Құрметті өнерсүйер қауым! Жер-Ана бусанып, тіршілік атаулы түлеп, табиғат жаңару мен жаңғыруға ұмтылған Әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлыстың ұлы күні — ата-бабамыздан қалған киелі дәстүрдің, ізгілік пен молшылық мерекесі. Күн мен түн теңеліп, Самарқанның көк тасы еріген осынау шуақты сәтте әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ тілейміз. Күмбірлеген күйіміз бен әуезді әніміз төрімізден үзілмей, ұлттық […]
Аяулы арулар, ардақты аналар!

Сіздерді шуақты көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір әйел заты — тағдырдың жазған ең нәзік симфониясы мен өмірдің ең көркем әуені іспетті. Сіздер бар жерде әлем үйлесім тауып, айнала нұрға бөленеді. Музыка өнерінің шексіздігі сияқты, әйел жаны да — сарқылмас мейірім мен терең парасаттың бастауы. Осынау айтулы мерекеде […]
Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты жиын қатысушыларына құттықтау жолдады

Қадірлі қауым! Сіздерді қазақ халқының заңғар тұлғасы, әдебиетіміздің алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуымен құттықтаймын! Жамбыл Жабаев – ұлт руханиятында ерекше орны бар тарихи қайраткер, төл мәдениетіміздің аса көрнекті өкілі. Әйгілі жыршы шоқтығы биік шығармалары арқылы отаншылдық пен ынтымақ, ерлік пен елдік, адалдық пен әділдік секілді мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптеді. Халқымыздың біртуар перзенті айтыс […]
1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті отандастар! Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Алғыс айту күні – тағдырдың жазуымен қазақ жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қасиетті қазақ топырағы мен қонақжай халқымызға деген шынайы ризашылығының белгісі. Бүгінде осы бірлік пен өзара құрметтің арқасында біз бейбітшілік пен келісім орнаған қуатты мемлекет құрып отырмыз. Осынау айтулы күні баршаңызға […]
Құрметті өнерсүйер қауым!

Сіздерді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы ұжымы атынан келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Өтіп бара жатқан жыл біз үшін шығармашылық ізденіске, ауқымды концерттер мен ерекше мәдени шараларға толы болды. Өнер арқылы халқымыздың бай мәдени мұрасын дәріптеп, көрермен жүрегіне жол табу – біздің басты мұратымыз. Осы жолда көрсеткен қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін алғысымыз […]
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құрметті тыңдармандар! Техникалық себептерге байланысты қаңтар айына жоспарланған концерттерге билеттерді сатып алу уақытша тек филармония кассасында жүзеге асырылады. Қаңтар айында бұрын жарияланған концерттерге арналған билеттер сатылымда қала береді. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті қазақстандықтар! Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы баршаңызды 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды! Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұратының жүзеге асқан, ел тағдырының ең қастерлі белесі. Бұл күн – ұлттық рухымыздың асқақтаған, азаттығымыздың айқындалған, болашағымыздың берік негізі қаланған тарихи мереке. Еркін елдің өнері де еркін дамиды. Тәуелсіздік жылдары […]
СҮЙІНШІ

КАПЕЛЛАНЫҢ ӘРТІСІ ХАЛИД ОРЫНҚҰЛДЫ «SHYMKENT SAZY» 1-РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭСТРАДА ӘНШІЛЕР КОНКУРСЫНДА 3-ОРЫН ЛАУРЕАТ АТАНУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды.
Құттықтаймыз!

Б.БАЙҚАДАМОВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КАПЕЛЛАНЫҢ ХОРМЕЙСТЕРІ, «ШАБЫТ» XVIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАР БАЙҚАУЫ «ХОР ДИРИЖЕРІ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ЕСІМХАНОВ АЛМАТТЫ 2-ОРЫН ЖҮЛДЕЛІ БОЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ🏆 СІЗГЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫСТАР ЖЕҢІСТЕР ТІЛЕЙМІЗ!!!