Республика сарайының сахнасында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдық мерейтойына орай барлық өнер ұжымдары қатысатын ауқымды Гала-концерт

Бұл кеш қазақ музыка өнерінің бай мұрасы мен алуан түрлілігін, ұжымдардың жоғары орындаушылық шеберлігін паш ететін нағыз мерекеге айналмақ. Сахна төрінде: • Н.Тілендиев атындағы фольклорлы-этнографиялық академиялық «Отырар сазы» оркестрі • Т.Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі • ҚР үрмелі аспаптар оркестрі • Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы • Мемлекеттік классикалық гитаристер квинтеті • Ғазиза Жұбанова […]
Н.ТІЛЕНДИЕВ АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОРЛЫ–ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ «ОТЫРАР САЗЫ» ОРКЕСТРІ төмендегі топтардағы бос орындарға тыңдау жариялайды

* ДОМБЫРА * ҚЫЛ ҚОБЫЗ * БАС ДОМБЫРА * БАЯН * ШЕРТЕР * ВИОЛОНЧЕЛЬ * ҰРМАЛЫ АСПАПТАР * ФЛЕЙТА * ӘНШІ (БАРИТОН) * КОНЦЕРТ ЖҮРГІЗУШІ 🗓️ Тыңдау күні: 03.11.2025 📞 Барлық сұрақтар бойынша: +7 747 228 8373
Құрметті ұстаздар қауымы!

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды! Адамзатқа білім мен парасат нұрын сыйлайтын Сіздердің еңбектеріңіз — ұлт келешегінің алтын қазығы. Сабыр мен парасат, мейірім мен махаббатты бойына тоғыстырған ұлағатты жандарға шығармашылық шабыт, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз! Әр күніңіз шәкірттеріңіздің жетістігімен, еңбегіңіздің жемісімен нұрлана берсін!
Халықаралық музыка күні құтты болсын!

Құрметті достар! Бүгін – Халықаралық музыка күні. Музыка – адам жанының айнасы. Өмірдің әр кезеңін сырлы да сазды әуенмен ұштастыратын өнер иелері – композиторлар мен орындаушылар ғана емес, өнерді сүйе білетін әрбір жан үшін бұл мереке ерекше күн! Баршаңызды музыка күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, бейбіт аспанымызда ән мен күй қалықтай […]
Қарттар күні құтты болсын!

Қадірлі ақсақалдар мен әжелер! Бүгін – өмірлік даналығымен, адал еңбегімен бізге үлгі болған сіздерге алғыс білдіретін күн. Сіздердің бай тәжірибелеріңіз бен салт-дәстүрге деген құрметтеріңіз – біздің қастерлі қазынамыз. Дархан жүректеріңізден бақыт нұры арылмасын! Ұрпақтың құрметіне бөленіп, тағылымды ғұмыр кешіңіздер!
АБАЙ күні — Ұлы ақынның туғанына 180 жыл

АБАЙ күні | Ұлы ақынның туғанына 180 жыл Құрметті достар, Бүгін, 10 тамыз — ұлы ақын, ағартушы, ғұлама, ойшыл, жазба әдебиетіміздің негізін қалаушы, халқымыздың маңдайына біткен дара тұлға Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы дана Абайдың бай мұрасын ұрпақ санасына сіңіру жолындағы мәдени бастамаларда үнемі қолдау білдіре отырып, ұлы ақынның […]
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрметті оқырмандар, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы баршаңызды бүгінгі 6 шілде — Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтайды. 2018 жылы Ел Президентінің бастамасымен бекітілген бұл мереке — дәстүр мен өнерге деген үлкен құрметтің көрінісі. Қасиетті қара домбыра – халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық болмысымыздың айнасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтау жазбасында «Өскелең […]
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні!

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы ақпарат кеңістігінде тынымсыз еңбек етіп жүрген журналистер мен медиа саласы мамандарын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтайды! Ақпарат саласындағы шығармашылық ізденістеріңіз бен жанкешті еңбектеріңіздің арқасында мәдениет пен өнер кеңінен насихатталып, халық пен руханият арасында алтын көпір орнап келеді. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт, бақ-береке тілейміз!
Билеттер Kino.kz сайтында

Назар аударыңыз! Бүгіннен бастап онлайн концерт билеттерін Ticketon.kz сайтынан сатып алу тоқтатылды. Билетті 21.01.2025 ж. күннен бастап Kino.kz сайты арқылы сатып ала аласыздар!
ӨНЕР ОРДАСЫНА 90 ЖЫЛ

Бүгін — 1935 жылы 14 қаңтарда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен қара шаңырақ — Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылған күні. 1938 жылы филармонияға жыр алыбы Жамбылдың есімі берілді. 2023 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен Академиялық мәртебе берілді. Биыл елімізде ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шет елдерге шығармашылық биік өресімен таныс болған Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік […]