ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Өтетлеу Алияр

Өтетлеу Алияр Әлдібайұлы — пианист-солист, концертмейстер, импровизатор, халықаралық конкурстардың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының (ҚҰК) оқытушысы.

Білімі мен академиялық дәрежесі:
2008 ж. — А. Жұбанова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатын оқытушы А. И. Тайшибекованың класы бойынша аяқтап, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оқуға түсті.
2012 ж. — Құрманғазы атындағы ҚҰК бакалавриатын аяқтап, консерваторияның магистратурасына түсті.
2014 ж. — магистратураны аяқтап, өнертану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды (диссертация тақырыбы: «Г. Үзенбаеваның фортепианолық шығармашылығы: стилистикалық ерекшеліктері мен орындаушылық талдау»).
2024 ж. — Құрманғазы атындағы ҚҰК докторантурасын аяқтады (зерттеу тақырыбы: «Бұқаралық музыкалық мәдениеттегі пианизм: кәсіби құзыреттіліктердің ерекшелігі»).
Еңбек және педагогикалық қызметі:
2012–2019 жж. — Құрманғазы атындағы ҚҰК «Вокал және дирижерлеу» кафедрасының концертмейстері. Вокал класындағы 7 жылдық еңбек жолында бай вокалдық репертуарды меңгеріп, әртүрлі дауыстармен жұмыс істеу ерекшеліктерін терең зерттеді. Бұл оның кейінгі концерттік және оқытушылық қызметіне берік негіз болды.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Құрманғазы атындағы ҚҰК «Ансамбль өнері» кафедрасының оқытушысы. Студенттермен жұмыс барысында жеке ықпал ету, концертмейстерлік шеберлік әдістемесі және студенттердің көркемдік-зияткерлік әлеуетін дамыту принциптеріне сүйенеді.
Шығармашылық және концерттік қызметі:
2011 ж. — «Музыка без границ» халықаралық конкурсының лауреаты (Друскининкай, Литва).

Консерваторияның концерттік және академиялық жобаларына, соның ішінде Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның 80 жылдығына арналған мерейтойлық бағдарламаларға белсенді қатысады.

Алматы қаласында өтетін Халықаралық камералық музыка фестивалінің тұрақты қатысушысы.
Алияр Өтетлеу — академикалық орындаушылықты (классикалық фортепиано), джаз музыкасын, эстрада өнері мен импровизацияны шебер ұштастырған әмбебап музыкант.

Әлеуметтік желіде бөлісу
 Версия сайта для слабовидящих