ҰЛТ РУХЫН ТЕРБЕГЕН НҰРҒИСА ӘУЕНДЕРІ

Бүгін Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның «Атамекен» концерт залында Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің Халық қаhарманы, Қазақстанның халық әртісі, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Өз елім» мерейтойлық концерті өтті. Көпшілікке рухани серпіліс сыйлаған кеш – күй абызына деген халық сағынышының ән мен сазға айналған көрінісі еді. Кештің алғашқы сәтінде экран арқылы көрсетілген бейнефильм […]
Жамбыл атындағы филармонияда тарихи кеш өтті

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп, Қытайдың ұлы композиторы Сянь Синхайдың туғанына 120 жыл толуына арналған концерт ұйымдастырылды. Мерейтойлық шара – тек мәдени оқиға ғана емес, қазақ пен қытай халықтарының ғасырлық достығын паш еткен сындарлы сәт болды. Кеш Сянь Синхай мен қазақ композиторы Бақытжан Байқадамов арасындағы тарихи […]
Композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай мемориалдық музейдің жаңа экспозициясы ашылды

2025 жылғы 3 қыркүйекте КСРО Халық әртісі, «Халық Қаһарманы», ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – композитор, дирижер, күйші Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейінің жаңа экспозициясының ашылуы өтті. Музей экспозициясын жаңарту 2025 жыл ЮНЕСКО-ның мерейтойлық күндер тізіміне енген көрнекті композитордың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Осыған орай, «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК қарасты […]
Концерт кейінге шегерілді

Филармония кассасынан алынған билеттер — кассадан, онлайн kino.kz сайтынан алған билеттер онлайн қайтарылады✅
Көңіл айтамыз

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ұжымы Жанар Сулейманованың бауыры, «Zerger Ilyas» студиясының негізін қалаушы, Фаберже орденінің иегері Ілияс Сулеймaновтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туған-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның топырағы торқа, иманы саламат болсын! Осыған байланысты, пианист Жанар Сулейманованың 2025 жылы 14 қыркүйек, сағат 18:00-де Н.Тілендиев атындағы Камералық залында өтетін […]
Н. Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі төмендегі топтардағы бос орындарға тыңдау жариялайды

️Н. Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі төмендегі топтардағы бос орындарға тыңдау жариялайды: – Домбыра – Прима қобыз – Ұрмалы аспаптар – Флейта – Виолончель – Әнші (баритон) – Концерт жүргізуші Тыңдау күні: 19.09.2025 Барлық сұрақтар бойынша: +7 701 370 4080
Сырым Шонбай байқауда асқан шеберлікпен өнер көрсетіп, жүлделі II орын иеленді

Құрметті достар, 2025 жылы 24 тамыз күні, Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық ХХХІІІ «Ұлытау үні» фестивалі аясында күйші, жырау Кетбұқаның 840 жылдығына арналған күйшілер байқауы өтті. Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің әртісі Сырым Шонбай байқауда асқан шеберлікпен өнер көрсетіп, жүлделі II орын иеленді. Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен […]
Мемлекет басшысының Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Бішкекте Қазақстанның мәдениет күндері өткізілуде

Previous Next Оның аясында, 2025 жылы 21 тамызда Бішкек қаласындағы А.Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық опера және балет театрында Қазақ және КСРО Халық әртісі, күйші-композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқисса» атты салтанатты шығармашылық кеш өтті. Қазақ музыкасының тұтас бір дәуіріне айналған композитордың мерейтойы А.Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық опера және балет театрында ұйымдастырылды. Шараға ҚР […]
Т. Абдрашев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі келесі бос орындарға кастинг жариялайды

Previous Next 1. Скрипка 2. Виолончель 3. Гобой 4. Кларнет 5. Фагот 6. Валторна 7. Ударлы аспаптар 8. Тромбон Байқау тыңдау форматында өтеді. Репертуар талаптары осы хабарландыруда жарияланған. Қатысу үшін түйіндемеңізді жіберіңіз. Барлық сұрақтар бойынша және тыңдау күні мен орны туралы нақтылау үшін келесі нөмірге хабарласыңыз: +7 701 722 6236 Шыңғыс
ХАБАРЛАНДЫРУ

90-маусымда билет бағасы қымбаттайды! Құрметті оқырман, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы өз көрермендерін 90-шы концерттік маусымының бағдарламаларымен қуантады. Осы орайда, 2025 жылдың қазан айынан бастап, филармония концерттеріне арналған билеттер мен абонементтердің бағасының өзгеретінін (қымбаттайтынын) хабарлаймыз! Филармония билет бағаларының қымбаттау себептері: — Концерттердің көркемдік деңгейін арттыру; — Әртістердің шығармашылық дамуы мен өнер сапарларға шығуына қолдау […]