ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

«Отырар сазы» оркестрі Ұлытауда өнер көрсетті

Previous Next Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі Қазақстанның ұлттық мерекесі – Республика күнінде, Ұлытауға гастрольдік сапармен барып, ұлытау жұртшылығына арнап ерекше концерттік бағдарлама ұсынды. Жезқазған қаласындағы С.Қожамқұлов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында өткен концертте оркестрге ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Жалғасбек Бегендиков пен Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты Әбілқайырхан Бейсеков дирижерлық етті. […]

Республика күні: Жамбыл филармониясының солисті Жанар Сүлейманова мемлекеттік марапатқа ие болды

Құттықтау! Бүгін Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева бірқатар мәдениет саласы қызметкерлеріне Алматы қаласында салтанатты түрде мемлекеттік марапаттарды табыс етті. Олардың қатарында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында ширек ғасырдан бері қызмет етіп келе жатқан жеке филармония солисті Жанар Сүлейманова да бар. @suleimanova.zhanar Филармония ұжымы атынан әріптесімізді ұзақ жылғы […]

Елдік рух ұлықталған мерекелік концерт өтті

Previous Next Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармонияның Үлкен залында Республика күніне орай «Елім менің» атты концерт өтті. Салтанатты шара көрермендерге ерекше әсер сыйлап, ұлттық және классикалық өнердің биік үлгісін паш етті. Мерекелік шара бірқатар марапаттарды табыстау рәсімімен басталды. Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы Марат Тоқашбаев көкрмен қауымды мерекемен құттықтап, өнер […]

Жамбыл атындағы филармонияның 90 жылдығына — «Таңбалы» көрмесі

Previous Next Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдық мерейтойына орай, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы «Таңбалы тарих пен өнердің тоғысында» атты көшпелі көрме ашылды. Көрменің басты мақсаты – көрермендерді петроглифтер арқылы тасқа қашалған көне өркениет тарихын таныстыру. Ашылу барысында көрме лентасын мекеме басшылары емес, шараға келген филармония көрермендері салтанатты түрде қиды. […]

Қазақ дирижерлық өнерінің жаңа есімдері анықталды

Даңқты композитор, күйші, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған Республикалық дирижерлер конкурсы өз мәресіне жетті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен екі күндік өнер бәсекесінің қорытындысы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында өткен Гала-концертте жарияланды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 23 үміткер бақ сынаған байқаудың шешуші кезеңі тартысты өтті. Конкурстың ең басты жүлдесі […]

Құрметті ұстаздар қауымы!

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды! Адамзатқа білім мен парасат нұрын сыйлайтын Сіздердің еңбектеріңіз — ұлт келешегінің алтын қазығы. Сабыр мен парасат, мейірім мен махаббатты бойына тоғыстырған ұлағатты жандарға шығармашылық шабыт, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз! Әр күніңіз шәкірттеріңіздің жетістігімен, еңбегіңіздің жемісімен нұрлана берсін!

Халықаралық музыка күні құтты болсын!

Құрметті достар! Бүгін – Халықаралық музыка күні. Музыка – адам жанының айнасы. Өмірдің әр кезеңін сырлы да сазды әуенмен ұштастыратын өнер иелері – композиторлар мен орындаушылар ғана емес, өнерді сүйе білетін әрбір жан үшін бұл мереке ерекше күн! Баршаңызды музыка күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, бейбіт аспанымызда ән мен күй қалықтай […]

Қарттар күні құтты болсын!

Қадірлі ақсақалдар мен әжелер! Бүгін – өмірлік даналығымен, адал еңбегімен бізге үлгі болған сіздерге алғыс білдіретін күн. Сіздердің бай тәжірибелеріңіз бен салт-дәстүрге деген құрметтеріңіз – біздің қастерлі қазынамыз. Дархан жүректеріңізден бақыт нұры арылмасын! Ұрпақтың құрметіне бөленіп, тағылымды ғұмыр кешіңіздер!

Парижде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтті

Previous Next 📍2025 жылдың 24 қыркүйегінде Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың көрнекті күйші-композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Ғасыр әуендері: Тілендиевке тағзым» атты мерекелік концерт өтті. Дара тұлғаның ғасырлық мерейтойы – тек Қазақстан үшін емес, бүкіл әлем үшін де маңызды оқиға. Бұл дата ЮНЕСКО-ның халықаралық деңгейде аталып өтетін мерейтойлар тізіміне енген. 📌Іс-шараға Қазақстан Республикасының […]

Нұрғиса — Мәскеу консерваториясында оқыған алғашқы қазақ баласы..!

Ал күні кеше композитордың 100 жылдығы дәл осы қаладағы «Геликон-Опера» музыкалық театрында әлемдік деңгейде аталып өтті! Шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев, сонымен қатар Мәскеу қаласының және Мәскеу облысының басшылығы, бірнеше мемлекет елшілері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері […]

 Версия сайта для слабовидящих