Филармония сахнасында қазақ–жапон музыкасы қатар тоғысты

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында Қазақстан мен Жапонияның мәдени байланысын тереңдете түскен айрықша кеш өтті. Концерт басталмас бұрын Жапонияның Халықаралық мәдени алмасу комитетінің өкілдері филармония фойесінде өздерінің ұлттық мәдениетіне сай көпшілікке шай салтанатын паш етті. Және де ұлттық ойындары «сёги» яғни жапон шахматынан шеберлік сыныбын өткізді. Мұнымен қоса фойеде жапондардың […]
«Үлкен симфониялық кеш» – көрерменді симфония сазына тербеді

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында классикалық өнер мерекесіне айналған «Үлкен симфониялық кеш» өтті. Музыкалық кештің шырайын Франциядан арнайы шақырылған дирижер Кристоф Мангу келтірді. Кеш Тілес Қажығалиевтің «Степная легенда» балетінен алынған сюитамен ашылды. Концертте Қазақстанның халық әртісі, әлемдік сахнада танылған әйгілі пианист Жания Әубәкірованың өнер көрсетуі аталмыш кештің әрін кіргізді . Оның […]
Симфония сазына бөленген кеш

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында классикалық музыканың көркем өрнегін паш еткен «Брамс/Бетховен» атты әсерлі симфониялық концерт өтті. Концертте Т.Абдрашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі өнер көрсетті. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қанат Омаров. Скрипка партиясын «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Динара Базарбаева-Сахаман жоғары шеберлікпен орындап, И. Брамстың ре мажордағы […]
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қаржылық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы “Antikor Volonters” жобасының координаторы, “Adilet zhastar odagy” ұйымының Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы бөлімінің жетекшісі Ерболат Тұрлан және Қаржылық мониторинг агенттігінің қаржылық қауіпсіздік жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Айбек Берікболұлы бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында спикерлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде елімізде жүргізіліп […]
Жүректерге жарық сыйлаған байқау

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Н.Тілендиев атындағы камералық залында «Мен сені сүйем, Өмір!» атты зағип және нашар көретін жандар арасында қалалық ән байқауы өтті. Бұл өнер додасы ғаламға жүрек нұрымен қарайтын өнерпаздардың талап-талантын айшықтап, көрерменге шынайы эмоция мен жылылық сыйлады. Шараны Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен «Қазақ зағиптар қоғамы» […]
Алматы ұлттық өнердің әуезіне тербелді

Бүгін еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында «Сазды аспаптармен, Дәстүрлі ән кеші» деген атаумен концерт өтті. Кеш көркін «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі кіргізді. Ұжымның көркемдік жетекшісі — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Бағдат Тілегенов. Аталмыш концертте еліміздегі дәстүрлі өнердің майталмандары өнер көрсетті. Концерт барысында сахна […]
Халық қалаулысы филармония ұжымымен кездесті

Previous Next Қалалық Мәслихаттың VIII шақырылымының депутаты, Amanat партиясы фракциясының мүшесі Елена Тё ай сайынғы халықпен кездесу кестесі аясында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымымен жүздесті. Кездесу барысында филармония қызметкерлерімен тек мәдениет саласы ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары үшін аса маңызды шаһардың инфрақұрылымы, жастарды баспанамен қамту және өзге де әлеуметтік мәселелер жан-жақты талқыланды. […]
Қазіргі заман талаптарына бейімделу: Қазақстанда концерттік ұйымдарды дамытуға арналған республикалық отырыс басталды

Previous Next 📌Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ұйымдастыруымен «Қазіргі заман талаптарына бейімделу: концерттік ұйымдардың даму моделі» тақырыбындағы республикалық отырыс өтті. 🖇️Іс-шара барысында республикалық концерттік-гастрольдік картасын бекіту, өңіраралық гастрольдік ынтымақтастық, сала қызметі бойынша қолданыстағы заңнамалардың сақталуы мен орындалуы, сапалы репертуарлық саясат қалыптастыру және концерттік бағдарламалардың шығармашылық […]
Алматыда мәдениет қайраткерлері марапатталды

Previous Next Алматыдағы Достық үйінде еліміздің мәдениет және өнер саласының көрнекті өкілдерін марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Шара аясында Қазақстанның белгілі мәдениет қайраткерлеріне Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықпен қатар, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің Құрмет грамоталары табысталды. Марапаттау рәсіміне екі елдің мемлекеттік органдарының өкілдері, шығармашылық ұйымдар басшылары және мәдениет қайраткерлері қатысты. […]
Оңтүстік Корея мен Орталық Азияның үндері тоғысқан сәт!

Previous Next Сеул мен Кванджуда өткен фестиваль мәдениеттердің әсем үндестігі мен достықтың белгісі болды. Аталмыш шарада филармония солистері Мақпал Қазбек пен Ержан Әлімбетов өнер көрсеткен болатын.