ДӘУІРЛЕР ТОҒЫСЫНДАҒЫ 90 ЖЫЛ

Ваш браузер не поддерживает отображение PDF. Скачать файл «New 60х84 1-8 Kazakh_Music_Golden_Age_90_Zhambyl_compressed.pdf»
Сенат депутаты филармония ұжымымен кездесті

Previous Next Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, белгілі қоғам қайраткері, журналист Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің және қабылданған заңдардың орындалу барысын қадағалау мақсатында өңірлерге жасаған сапары аясында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясына арнайы келді. Одан кейін ғимаратты, атап айтқанда концерттер өтетін үлкен залды және Нұрғиса Тілендиев атындағы Камералық залға арнайы кірді. […]
Еліміздің кемелдену кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» халықаралық газетіне берген сұхбаты Қазақстанның қалыптасу кезеңіндегі жүйелі өзгерістерге деген берік ұстанымының көрінісі. Президент елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы түбегейлі өзгерістерге тоқталып, заңдылық пен әділеттілік принциптерін орнатудың басымдығын айқын көрсетті. Бұл, біз сияқты мәдениет және өнер мекемелері үшін қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігінің сақталуы кез келген шығармашылық қызметтің […]
Құттықтаймыз!

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы қазақ өнерінің ақсақалы, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің кавалері Нұрғали Нүсіпжановты бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтайды! Нұрғали ағамызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы, жақындарына амандық, ал шығармашылық жолына толайым табыс пен рухани қуат тілейміз. Ұлт өнерінің шамшырағы болып, қазақ рухын әлі талай […]
Балаларға базарлық!

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен зал фойесінде ұжым қызметкерлерінің балаларына арналған ерекше мерекелік шара өтті. Шарада түрлі кейіпкерлер балаларды «Кибер Жаңа Жыл 2026» атты ертегі әлеміне шақырып, интерактивті бағдарлама ұсынды. Көңілді шарада айтулы Трансформер Бамблби шоуы көрсетіліп, мерекелік көңіл-күй сыйлаған кейіпкерлермен фотосессия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қызықты еден үстіндегі сақина (Напольное кольцо) […]
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясына жаңа басшы тағайындалды.

Previous Next Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымына филармония директорының міндетін атқарушы болып тағайындалған Нұрғиса Мұратұлы Дәуешовты таныстырды. Нұрғиса Дәуешов Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистры. Түрлі жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінде, Т. Жүргенов атындағы […]
Құттықтаймыз!

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақан Жылқышыбайұлы Абдуалиевті Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры лауазымына тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды. Ақан Жылқышыбайұлына жаңа қызметте толайым табыстар, жұмысына жеміс, жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз.
Филармонияның балаларға құттықтау шыршасы

26.12.2024 күні Жамбыл атындағы филармония шаңырағында ұжым қызметкерлерінің балаларына арналған арнайы бағдарламада жаңа жылдық шыршасы өтті. Кішкентай бүлдіршіндер «Ханшайым мен құбыжық» ертегісін тамашалап, риза болды. Қашанда балалардың рухани дамуын негізгі мақсатына алған филармонияның іс-шарасы да арнайы өткізіліп отыр. Ортаға балалардың мереке кезіндегі сүйікті кейіпкерлері Аяз ата мен ақшақар келіп, балалардың өнерін тамашалап, арнайы сыйлықтар табыс […]
16 ЖЕЛТОҚСАН ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ!

Құрметті отандастар! Барша Қазақстандықтарды 16 желтоқсан еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы шын жүректен құттықтайды! 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады. Бұл күн егеменді, мықты мемлекет тарихының бастауы болды. Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздік — біздің әр қайсымыз үшін басты […]
Республикалық «Өнеріміз саған – Қазақстан!» фестивалі өтеді!

2024 жылдың 24 қазан күні Республика күніне орай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Республикалық «Өнеріміз саған – Қазақстан!» фестивалі өтеді. Фестивальдің мақсаты — қазақ халқының өнері мен мәдениетін Қазақстанда тұратын этностық топтар арасында жан-жақты насихаттау, қазақстандық патриотизм мен еліміздің көптүрлі мәдени ерекшеліктерін дамыту, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру. Қазақстан […]