ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді 9 мамыр — Жеңіс күнімен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз. Бұл айтулы күн — мызғымас табандылық пен қаһармандықтың, бейбітшілік пен келісімнің нышаны. Бүгінгі ұрпақтың бақытты болашағы жолында майдан даласы мен тылда тер төккен әрбір ардагердің жанқиярлығы біз үшін мәңгілік мақтаныш пен өшпес өнеге. Өнер мен мәдениеттің қара шаңырағы […]

АЛМАТЫДА 500-ГЕ ЖУЫҚ ӨНЕРПАЗДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН «ГҮЛ АЛМАТЫ — 2026» V МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ХОР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

АЛМАТЫ, 1 мамыр 2026 жыл  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында еліміздің хор өнеріндегі ең ауқымды шаралардың бірі – дәстүрлі «Гүл Алматы – 2026» V фестивалі жоғары деңгейде өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл бірегей мәдени жоба биыл бесінші мәрте шымылдығын түрді. Биылғы фестивальдің басты ерекшелігі – оның ауқымында. Сахна […]

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша семинардың хаттамасы

Previous Next Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша семинардың      хаттамасы   Өту орны: Алматы қ., Толе би көшесі 35/23           Филармония, 2 қабат, конференц зал Күні: 30.03.2026 ж. Қатысқан адам саны- 65 қызметкер Бағдарлама: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты және негізгі қағидаттары.   Спикерлер : Абзал Қуанышұлы —  Жамбыл атындағы филармония директорының орынбасары. Тұрлықожа Толқын- […]

Бүгін «Жұбанов жаққан жұлдыздар»гастрольдік концертіне арналған баспасөз брифингі өтті

Previous Next Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында көрнекті композитор Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Жұбанов жаққан жұлдыздар» атты гастрольдік концертке байланысты баспасөз брифингі өтті.Жиын барысында Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы ұйымдастыратын мәдени шараның маңызы мен өткізілу барысы туралы баяндалды.Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында өтетін бұл кеш өңірлер арасындағы мәдени […]

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КОНЦЕРТ

Previous Next Бүгін Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Ата толғауы» атты салтанатты концерт өтті. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясы мен Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Концертте Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор […]

Алматыда Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы алғаш рет қазақ тілінде сахналанады

Бүгін Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасының тұңғыш рет қазақ тілінде сахналануына орай баспасөз брифингі өтті. Жиынға бірқатар БАҚ өкілдері мен өнер саласының мамандары, сондай-ақ Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры Нұрғиса Мұратұлы, Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Қанат Омаров және […]

Құрметті тыңдармандар!

Ticketon.kz платформасындағы техникалық ақауларға байланысты онлайн билет сатып алу уақытша қолжетімсіз екенін хабарлаймыз. Билеттерді Филармония кассасынан сатып алуға болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ерке Ертіске тарту: Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтеті Павлодарға гастрольдік сапармен барып қайтты

Previous Next Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтеті алғаш рет Ертіс өңіріне табан тіреді. Үш онжылдыққа жуық кәсіби қалыптасу жолы бар, «Open Spain» халықаралық конкурсының Гран-при иегерлері екі күн ішінде Екібастұз, Ақсу және Павлодар қалаларында мазмұнды концерттер мен жоғары деңгейдегі шеберлік сыныптарын өткізді. Өнер сапары Екібастұз қаласындағы Естай атындағы балалар музыка мектебінен […]

Көрермендеріміз үшін қуанышты жаңалық! Енді онлайн билеттер  Ticketon.kz сайтында қолжетімді!

⚠️ Назар аударыңыздар! Құрметті тыңдармандар, қонақтарымыз бен орындаушыларға кедергі келтірмеу үшін концерт басталғаннан кейін 25 минут өткен соң есіктер жабылады. Жас шектеуі: 6+ (балалардың туу туралы куәлігі кез келген форматта өзіңізбен бірге болуы керек)

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының құрылған күні

    1935 жылғы 14 қаңтарда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен негізі қаланған филармония 1938 жылы жыр алыбы Жамбылдың есімін иеленіп, ал 2023 жылы академиялық мәртебеге қол жеткізіп, шығармашылық дамудың жаңа белесіне көтерілді.     Филармонияның ашылу тарихы көрнекті музыкатанушы, композитор, дирижер, Қазақ КСР-нің халық әртісі, академик Ахмет Жұбановтың есімімен тығыз байланысты. Әр жылдары ұжымға Е.Брусиловский, […]

 Версия сайта для слабовидящих