Біз жемқорлыққа қарсымыз!

Өнер адамдарды жақсылыққа үндеп, қоғамға ізгілік пен парасаттылықтың үлгісін көрсетуі тиіс. Біз адал еңбекті, тең мүмкіндікті және заң үстемдігін қолдаймыз. Жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады. Өзімізден бастайық, әділеттілікті қорғайық, ел болашағына жауапкершілікпен қарайық! Адал қоғам – қуатты мемлекеттің негізі!
Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Елордамыздың мерейі артып, мәртебесі биіктей берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілейміз. Мереке құтты болсын! Ізгі тілекпен, Филармония ұжымы.
🎶 6 шілде — Ұлттық домбыра күні

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы барша отандастарымызды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтайды! Домбыра — халқымыздың рухани болмысы мен мәдени мұрасының айнымас символы. Өнер ордасы ұлттық аспапты ұлықтауға және төл күй өнерін кеңінен насихаттауға жылдар бойы сүбелі үлес қосып келеді. Ұлы даланың үні әрдайым биіктен естіліп, күмбірлеген әуен әр шаңыраққа бақ-береке мен қуаныш әкелсін! Мереке […]