Бүгін, 4 маусым — ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай, «Медеу» спорт кешенінде Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Шараға қала тұрғындары, жастар мен қоғам белсенділері қатысты

Салтанатты сәтте Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы — Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады. Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Көк Туымыз биікте желбірей берсін! Previous Next