ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

✨ «ҒАЖАЙЫП БАЛАЛАР ӘЛЕМІ» 🎉

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының ұйымдастыруымен «Ғажайып балалар әлемі» атты мерекелік гала-концерт өтті. Капелланың көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Бейімбет Демеуов жас таланттарға ақ батасын берді. Өнерпаз бүлдіршіндер мен би ұжымдары Филармония директоры Нұрғиса Дәуешовтің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды. Кішкентай […]

🎼 «Құрметті көрермен — 2026» анықталды

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының жаңа жобасы аясында «Құрметті көрермен — 2026» номинациясының иегері белгілі болды. 20 жылдан астам уақыт бойы концерттерді үзбей тамашалап келе жатқан Тұрған Садықұлы Жүнісов осы марапатқа лайық деп танылды. Марапатталушыға өнерге деген ерекше ықыласы, мәдени шараларға тұрақты қатысуы және рухани құндылықтарды қолдауға қосқан үлесі үшін филармония директорының арнайы алғыс хаты, […]

Сіздерді 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!

Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қауіпсіз орта қалыптастыру, сапалы тәрбие мен лайықты болашақпен қамтамасыз ету — мемлекет пен қоғамның басты міндеттерінің бірі. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы жас көрермендердің рухани және шығармашылық тұрғыдан дамуына, олардың бойына өнер арқылы жоғары адамгершілік құндылықтарды сіңіру ісіне тұрақты түрде үлес қосып келеді. Классикалық музыка мен ұлттық өнер балалардың […]

🎼 Маусымның жабылуы: «ХХ26» фестивалі мәресіне жетті

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында «ХХ26» заманауи музыка фестивалі аясында симфониялық концерт өтті. Кеш Т. Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің концерттік маусымының жабылуымен ерекшеленді. Дирижер Қанат Омаровтың жетекшілігімен ұжым өткен ғасыр мен бүгінгі күннің күрделі туындыларын орындады. Скрипкашы Еркебұлан Сапарбаев пен оркестр К. Дебюсси және Б. Барток шығармаларындағы жаңашыл музыкалық тілді шебер жеткізді. Концерт бағдарламасында […]

 Версия сайта для слабовидящих