Кәсіби мереке қарсаңында мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының бірқатар қызметкерлері мәдениет саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық жемісті еңбегі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Бұл марапаттар – өнер мен мәдениет жолында аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне және ұлттық мәдениетті дамытудағы сүбелі үлесіне […]
ҒАСЫР ҮНІ – ДӘУІР ДАУЫСЫ – РУХАНИЯТ БИІГІ

Ақын, «Қазақстанның Еңбек Ері», дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменов мерейлі 90 жасқа толды. Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясы ұжымы қазақ халқының даңқты ұлын мерейлі жасымен құттықтайды. Олжас Сүлейменов – қазақ сөзі мен ұлттық философияның бренді, тұтас түркі дүниесінің абыройлы ақсақалы, әлемдік рухани кеңістікте өзіндік орны бар биік тұлға. Мәдениетаралық байланыстарды нығайту, сөз […]
🎵 БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! 🎵

Мемлекеттік қарағайлы үрмелі аспаптар квинтеті бос лауазымдарға байқау жариялайды:🎼 Фагот — 1 орын🎼 Валторна — 1 орын Конкурсқа орта арнаулы және жоғары оқу орындарының жоғары курс студенттері мен түлектері шақырылады. 📅 Күні: 13 маусым 2026 ж.📍 Өтетін жері: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы📞 Өтінім қабылдау: +7 702 246 43 13