ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Жамбыл атындағы филармонияда комплаенс тақырыбында маңызды кездесу өтті

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында ұжымның құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кезекті комплаенс-кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында мекемедегі ашықтық, академиялық адалдық және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесу спикерлері:Әнуар Әскербек Әбдірахманұлы – «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ комплаенс-офицері; Абзал Қуанышұлы – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы директорының орынбасары. Спикерлер өз сөзінде […]

Бүгін, 4 маусым — ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай, «Медеу» спорт кешенінде Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Шараға қала тұрғындары, жастар мен қоғам белсенділері қатысты

Салтанатты сәтте Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы — Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады. Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Көк Туымыз биікте желбірей берсін! Previous Next

✨ «ҒАЖАЙЫП БАЛАЛАР ӘЛЕМІ» 🎉

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының ұйымдастыруымен «Ғажайып балалар әлемі» атты мерекелік гала-концерт өтті. Капелланың көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Бейімбет Демеуов жас таланттарға ақ батасын берді. Өнерпаз бүлдіршіндер мен би ұжымдары Филармония директоры Нұрғиса Дәуешовтің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды. Кішкентай […]

🎼 «Құрметті көрермен — 2026» анықталды

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының жаңа жобасы аясында «Құрметті көрермен — 2026» номинациясының иегері белгілі болды. 20 жылдан астам уақыт бойы концерттерді үзбей тамашалап келе жатқан Тұрған Садықұлы Жүнісов осы марапатқа лайық деп танылды. Марапатталушыға өнерге деген ерекше ықыласы, мәдени шараларға тұрақты қатысуы және рухани құндылықтарды қолдауға қосқан үлесі үшін филармония директорының арнайы алғыс хаты, […]

Сіздерді 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!

Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қауіпсіз орта қалыптастыру, сапалы тәрбие мен лайықты болашақпен қамтамасыз ету — мемлекет пен қоғамның басты міндеттерінің бірі. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы жас көрермендердің рухани және шығармашылық тұрғыдан дамуына, олардың бойына өнер арқылы жоғары адамгершілік құндылықтарды сіңіру ісіне тұрақты түрде үлес қосып келеді. Классикалық музыка мен ұлттық өнер балалардың […]

🎼 Маусымның жабылуы: «ХХ26» фестивалі мәресіне жетті

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында «ХХ26» заманауи музыка фестивалі аясында симфониялық концерт өтті. Кеш Т. Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің концерттік маусымының жабылуымен ерекшеленді. Дирижер Қанат Омаровтың жетекшілігімен ұжым өткен ғасыр мен бүгінгі күннің күрделі туындыларын орындады. Скрипкашы Еркебұлан Сапарбаев пен оркестр К. Дебюсси және Б. Барток шығармаларындағы жаңашыл музыкалық тілді шебер жеткізді. Концерт бағдарламасында […]

Кәсіби мереке қарсаңында мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының бірқатар қызметкерлері мәдениет саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық жемісті еңбегі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Бұл марапаттар – өнер мен мәдениет жолында аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне және ұлттық мәдениетті дамытудағы сүбелі үлесіне […]

ҒАСЫР ҮНІ – ДӘУІР ДАУЫСЫ – РУХАНИЯТ БИІГІ

Ақын, «Қазақстанның Еңбек Ері», дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменов мерейлі 90 жасқа толды. Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясы ұжымы қазақ халқының даңқты ұлын мерейлі жасымен құттықтайды. Олжас Сүлейменов – қазақ сөзі мен ұлттық философияның бренді, тұтас түркі дүниесінің абыройлы ақсақалы, әлемдік рухани кеңістікте өзіндік орны бар биік тұлға. Мәдениетаралық байланыстарды нығайту, сөз […]

🎵 БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! 🎵

Мемлекеттік қарағайлы үрмелі аспаптар квинтеті бос лауазымдарға байқау жариялайды:🎼 Фагот — 1 орын🎼 Валторна — 1 орын Конкурсқа орта арнаулы және жоғары оқу орындарының жоғары курс студенттері мен түлектері шақырылады. 📅 Күні: 13 маусым 2026 ж.📍 Өтетін жері: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы📞 Өтінім қабылдау: +7 702 246 43 13

 Версия сайта для слабовидящих