Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының жаңа маусымының ашылуы

2024 жылдың қазан айының 1-ші жұлдызында сағат 19:00-де Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының жаңа маусымның ашылуына арналған концерті өтетіндігін хабарлаймыз! Республикаға еңбегі сіңген ұжым, Бүкілодақтық байқаудың лауреаты атанған Мемлекеттік хор капелласы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының құрамына 1935 жылы кірді. Яғни, дәл биыл хор капелласы 85 жылдық мерейтойын атап өтуде. Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының […]
Жамбыл атындағы филармонияда ішекті аспаптар квартетінің кеші өтті

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Қазақстанның ең үздік камералық ансамбльдерінің бірі концерт берді. 2024 жылы 29 қыркүйек күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Н.Тілендиев атындағы камералық залында Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің жаңа концерттік маусымының ашылуы өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Кеш шымылдығы ұлы классик Л.Бетховеннің 14-ші Квартет туындысынан бастау алды. Квартеттің […]
«Гүл Алматы — Flower city» фестиваль-концерті

Хор өнерінің дамуына, оның ішінде балалар хорының ерекшелігін ескеріп, насихатталуына бірден-бір атсалысып жүрген Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясын айтуға болады. Осы жұмыстың бірі емес бірегейі ретінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін — «Гүл Алматы — Flower city» фестиваль-концерті биыл да өз нәтижесін көрсетті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен төртінші мәрте ұйымдастырылып жатқан фестивальдің […]
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының әкімшілігі мен шығармашылық ұжымдары бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы — ортақ үйіміз», «Алматы — таза қала» бастамасын қолдап, сенбілік өткізді. Ғимарат аумағы тазаланып, ағаш діңдерін әктеп, жаяу жүргіншілер жолын сыпырып, көгал шөптерін септі.
Баспасөз — конференциясы

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Алматы қаласындағы Француз Альянсының 20 жылдығын мерекелеуге арналған баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шараға француз әртістері әнші Ғаби Артманн, Фредерик Жуанне, сондай-ақ Францияның Қазақстандағы елшілігінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолон, Алматы Француз Альянсының Директорлар кеңесінің мүшесі Ажар Әбділдина және филармонияның директоры Ақан Абдуалиев қатысты. Ұйымдастырушылар журналистерге алдағы концерттің бағдарламасын таныстырды, […]
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысына 2 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберді

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысына 2 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберді. Ел басына туған нәубет тезірек қайтып, халқымыз мамыражай тірлігіне қайта оралсын. Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын. Алыптың күші — халықта, Халықтың күші — бірлікте!
Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласынның Тараз және Шымкент қаласындағы концерті

2023 жылғы 26-27 қазанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрамындағы Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы Тараз қаласындағы К.Әзірбаев атындағы филармонияның «Баласағұн» концерт залында және Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда өнер көрсетті. «Шын жүректен…» атты хор музыкасы кешінде қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармалары шырқалды. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағат және […]
«Өнеріміз саған — Қазақстан!» атты республикалық фестиваль

2023 жылғы 22 қазанда сағат 18.00-де Республика күніне орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында «Өнеріміз саған — Қазақстан!» атты республикалық фестивальге қатысушылармен гала-концерт өтті. Фестивальдің мақсаты Қазақстанда тұратын этникалық топтар арасында қазақ халқының өнері мен мәдениетін жан-жақты насихаттау, қазақстандық патриотизмді және елдің көпмәдени ерекшеліктерін дамыту, сондай-ақ орындаушылардың кәсіби […]
Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер байқауының қорытындысы

2023 жылғы 20-22 қыркүйек аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында. Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлер байқауы өтті. Қорытынды Гала-концертте жеңімпаздардың есімі аталып, байқауға қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Байқау нәтижесі бойынша: Гран-При Сагымбаев Абылкаир Бейбитбекович (Қарағанды қ.) І орын Бейсеков Абылкаирхан Серикбаевич (Алматы қ.) ІІ орын Умирзаков Мади Жумагалиевич (Шымкент […]
Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер байқауы

Алматыда 2023 жылғы 20-22 қыркүйек аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлер байқауы өтеді. Конкурсқа 18-35 жас аралығындағы дирижерлар мен Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады. Байқаудың мақсаты қазақстандық дирижерлік мектептің дәстүрлерін сақтау және одан әрі дамыту, жаңа есімдерді ашу, дирижерлік саладағы талантты жастардың […]