ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Патриоттық іс-шара тау баурайындағы «Медеу» спорт кешенінде ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Дархан Сатыбалдымен қатар, мәдениет пен спорт қайраткерлері, қоғам белсенділері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтерілер тұста филармонияның ғасырға жуық тарихы бар ұжымы […]

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын! 

Ардақты ағайын, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын! Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіздігіміздің айқын бейнесі, халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Осы атаулы күнде әрбір азаматтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш пен құрмет сезімі нығая түссін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жарқын әрі әсерлі іс-шара өтті

Мерекелік концертте Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласымен бірге Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ музыкалық мектеп-интернатының оқушылары, сондай-ақ «Престиж» мектебі, №123 мектеп және Қ.А.Яссауи атындағы музыкалық мектептің оқушылары бір сахнада өнер көрсетті. Концерт басталар алдында филармонияның кіреберісінде балаларға арналған мерекелік атмосфера ұйымдастырылды — кішкентай қонақтарға тәттілер таратылып, ойыншықтар сыйға берілді. Бұл сыйлықтар акцияны […]

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!

Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де кемел болуы рухы асқақ, өресі биік білімді де талантты ұрпақ қолында. Кішкентай да болса, үлкеннің назарын өзіне аударған балдырғандарымыздың риясыз күлкісіне бөлене берейік. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы жас өрендер мен балдырғандарды бүгінгі мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, болашақтарыңыз жарқын, аспандарыңыз ашық болсын деп тілейді. Сіздерге мықты […]

«Филармония жас суретшілер көзімен» атты пленэрлік жоба қорытындыланды

Previous Next Құрметті достар, Бүгін, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мен Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының 90 жылдығына, сондай-ақ, Қазақстан және КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық қаһарманы, күйші-композитор, дирижер Н.Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай «Филармония жас суретшілер көзімен» атты пленэрдің жабылу салтанаты өтті. Бес күн бойы мәдениет пен өнердің қара шаңырағын бояумен […]

ХАБАРЛАМА

«Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК-ны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Кадр жұмысы департаментінен 2025 жылғы 23 мамырда келіп түскен кіріс № 01-01/279 хатына сәйкес ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Президеттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу (әрі қарай мәтін бойынша — Іріктеу) басталатындығы туралы хабарлайды. Іріктеуге  жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 […]

«Филармония жас суретшілер көзімен» атты пленэрдің марапаттау рәсімі

2025 жылдың 30 мамыр күні сағат 10:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мен Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының 90 жылдығы және Н.Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойларына орай суретші студент жастардың өнерін насихаттау мақсатында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжі және О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік — […]

Пленэрдің төртінші күні – тарихи таным мен шығармашылық шабыттың тоғысқан сәті

Бүгін пленэр аясындағы шығармашылық сапарымыз Алматы облысы, Жамбыл ауданының киелі мекені – Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музейінде жалғасты. Қазақтың алып ақыны, халық жыршысы Жамбыл Жабаевтың рухы сезілетін бұл мекен – жас суретшілер үшін шабыттың қайнар көзіне айналды. Пленэрге қатысушы жас суретшілер күннің алғашқы жартысында мұражайдың сыртқы көрінісін бейнелеуге кірісіп, тарихи ғимараттың сәулеттік ерекшелігін, ұлттық рухты […]

🎨 «Филармония жас суретшілер көзімен» | Пленэрдің үшінші күні 🎶

Құрметті достар, жас суретшілердің сурет салу іс-шарасы жалғасуда. Әр күн — жаңа кескін, жаңа тыныс, жаңашыл көзқарас. Студенттер филармония ғимаратының өзіндік болмысын, әуенге толы ішкі рухын сезініп, оны бояу арқылы сөйлетті.

Бояумен бейнеленген өнер ордасы

Previous Next Пленэрдің екінші күні — ерекше шабыт пен шығармашылыққа толы күн болды. Жас суретшілер бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ғимаратын өз көзімен көріп, қылқалам арқылы сөйлетті. Әрбір сызық, әрбір бояу — филармония тарихының үнсіз әуені іспеттес. Музыка мен бейнелеу өнері бір арнада тоғысқан бұл жоба — өнердің әр түрі өзара үндесе алатынын […]

 Версия сайта для слабовидящих