ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармонияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ішкі бақылауды күшейту және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

675ef72a-93f1-4a8f-91d9-43a6cbe073e4

Кездесу барысында комплаенс мамандары мен сыртқы тексерушілер тарапынан бақыланатын басты бағыттар түсіндірілді. Мемлекеттік сатып алу процестерінде концерттік жабдықтарды, сахналық киімдерді сатып алу немесе ғимаратты жөндеу кезінде бағаны қолдан өсіру деректерін болдырмау, табельдер мен жалақы қорында іс жүзінде жұмыс істемейтін адамдарға айлық пен сыйақы төленуін шектеу, сондай-ақ сценаристер мен режиссерлерге төленетін авторлық гонорарлар мен келісімшарттардың заңдылығын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, ұйымның басшылары, олардың орынбасарлары және бөлім басшылары өздерінің қызметтік міндеттеріне байланысты жоғары тәуекел тобына жатады. Сондықтан олармен алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу қажет. Сондай-ақ қаржы мен мүлікке жауапты мамандар арасында да осындай алдын алу шараларын жүйелі түрде өткізу керек екені атап өтілді.

Әлеуметтік желіде бөлісу
 Версия сайта для слабовидящих